Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіМеханика-математика факультеті · Криптология кафедрасы
Криптология кафедрасының эмблемасыКриптологияENU · Криптология кафедрасы

Білім беру бағдарламасы

Бакалавриат

6B06307Криптология

Түлек бейіні

6В06307 – Криптология білім беру бағдарламасының түлегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында терең теориялық және практикалық дайындыққа ие, заманауи криптографиялық әдістерді меңгерген, ақпаратты қорғау құралдарын әзірлей және талдай алатын, ғылыми-зерттеу, жобалау, ұйымдастырушылық және операциялық қызметтерді орындай алатын жоғары білікті маман болып табылады.

01

Берілетін дәреже

«6В06307 - Криптология» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры.

02

Мамандықтар және лауазымдар

Математик-криптограф; Криптоалгоритмдерді әзірлеуші; Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші; Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеущі; Компьютерлік желінің ажминистраторы; Компьютерлік қауіпсіздік маманы.

01Бағдарламаның ерекшеліктері

  • Қазақстандағы криптология мамандарын даярлайтын алғашқы және бірегей білім беру бағдарламаларының бірі
  • Бағдарлама республикалық деңгейде тек екі ЖОО-да ғана жүзеге асырылады, олардың бірі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • ҚР ҰҚК ерекше назарында, себебі түлектер ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей қатысады

02Кәсіби қызмет салалары

  • Қорғалатын компьютерлік жүйелер және оларға енгізілген ақпаратты өңдеу, сақтау және беру құралдары; компьютерлік ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі; компьютерлік жүйелердегі ақпаратты қорғау құралдары мен құралдары; компьютерлік жүйелерде өңделген ақпаратты қорғау кезінде пайда болатын процестердің математикалық модельдері; компьютерлік жүйелерде ақпараттық қорғаудың тиімділігін мониторингтеудің құралдарын және әдістерін енгізу және енгізу; компьютерлік жүйелерде өңделетін ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау процестері (технологиялары)

03Кәсіби қызмет бағыттары

Ғылыми-зерттеу

Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша отандық және шетелдік тәжірибелерді талдау;
қорғалған процестердің математикалық модельдерін жасау.

Жобалық

Қорғау жүйелері мен бағдарламалық құралдарды жобалау; техникалық сипаттамаларды әзірлеу.

Бақылау-аналитикалық

Қауіпсіздік жүйелерін бағалау; осал тұстарды анықтау және жоюға ұсыныс жасау.

Ұйымдастырушылық

Команданы басқару, шешім қабылдау, ақпараттық қауіпсіздік режимін ұйымдастыру.

Операциялық

Қауіпсіздік құралдарын орнату, баптау, тестілеу және қызмет көрсету.

04Түлектердің кәсіби мүмкіндіктері

  • Ақпаратты қорғау жүйелерін жобалау және енгізу
  • Криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларды қолдану
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін бағалау және осал тұстарын анықтау
  • Бағдарламалық және аппараттық қорғау құралдарын техникалық қызметпен қамту
  • Ғылыми зерттеулер жүргізіп, есеп дайындау
  • Командалық жұмыс пен жобалық басқаруды жүзеге асыру

05Түлектің негізгі қасиеттері

  • Терең теориялық білім мен жүйелік ойлау
  • Зерттеушілік және бағдарламалау дағдысы
  • Сенімділік, жауапкершілік және кәсіби этика
  • Икемділік пен жаңа технологияларға бейімделу қабілеті
  • Коммуникативтік және ұжымда жұмыс істей алу шеберлігі

06Нормативтік негіздер

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы (05.06.2020 ж. №234)
  • «Ақпараттық инфрақұрылым және АТ қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы орынбасарының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №222 бұйрығына №4 қосымша (2 нұсқа, болжалды қайта қарау мерзімі: 2025 ж.)
  • Ұлттық біліктілік жүйесі /Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның 16.03.2016 ж. хаттамасымен бекітілген
  • Ақпараттық технологиялар саласындағы салалық біліктілік шеңбері/ 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Ақпарат, ақпараттандыру, байланыс және телекоммуникациялар саласындағы Салалық комиссия отырысының № 1 хаттамасымен бекітілген

Материал кафедра ұсынған түлек моделі негізінде веб-бет ретінде өңделді. Дереккөздегі тұжырымдар редакциялық түрде реттелді.

← Барлық білім беру бағдарламалары