Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіМеханика-математика факультеті · Криптология кафедрасы
Криптология кафедрасының эмблемасыКриптологияENU · Криптология кафедрасы

Білім беру бағдарламасы

Магистратура

7M06307Криптология

Түлек бейіні

7M06307 – Криптология білім беру бағдарламасының түлегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері саласында іргелі білімі, терең теориялық және қолданбалы дайындығы бар, ақпараттық қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық, жобалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыра алатын техника ғылымдарының магистрі болып табылады.

01

Берілетін дәреже

«7М06307 Криптология» білім бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі.

02

Мамандықтар және лауазымдар

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман; Ақпаратты қорғау жөніндегі техник; Ақпараттық қауіпсіздік инженері; Деректерді шифрлаушы; Криптология және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ЖОО оқытушысы.

01Бағдарламаның ерекшеліктері

  • Қазақстандағы криптология саласының магистрлерін даярлайтын алғашқы және бірегей білім беру бағдарламаларының бірі
  • Бағдарлама республикалық деңгейде тек екі ЖОО-да ғана жүзеге асырылады, олардың бірі – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
  • ҚР ҰҚК ерекше назарында, себебі түлектер ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей қатысады

02Кәсіби қызмет салалары

  • Компьютерлік және телекоммуникациялық желілердің, бұлттық технологиялардың, есептеу жүйелерінің, деректер базаларының, кәсіпорын инфрақұрылымының қауіпсіздігі; криптография; ақпараттық қауіпсіздік жүйелері; білім беру (ЖОО)

03Кәсіби қызмет бағыттары

Ғылыми-зерттеу және технология

Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін талдау және модернизациялау;
Цифрлық құрылғылар мен жабдықтардың сараптамасы;
Криптология саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Қолдану және әзірлеу

Ақпараттық жүйелердің қауіпсіз жұмысын ұйымдастыру және олардағы ақпараттық қауіпсіздікті басқару;
Компьютерлік жүйелер мен желілерде ақпаратты қорғаудың программалық-аппараттық, техникалық, криптографиялық құралдарын енгізу және пайдалану;
Кәсіпорындардың ақпараттық жүйелеріндегі және инфрақұрылымдарындағы ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі жүйелерін жобалау, әзірлеу, енгізу және қолдау.

Ұйымдастырушылық және басқарушылық

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ұйымдастырушылық, нормативтік және тұрақтандыру құжаттамасын әзірлеу, енгізу және жүргізу.

Педагогикалық

Жоғарғы оқу орындарында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы пәндер оқытушысы.

04Түлектердің кәсіби мүмкіндіктері

  • Ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйелерін әзірлеу, енгізу және қолдау
  • Криптографиялық талдау жүргізу және АТ жүйелерінің қауіпсіздігін бағалау
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласында заманауи тілдерді, технологиялар мен құралдарды қолдану
  • Түпнұсқа курстарды әзірлеу және оқыту
  • Ғылыми зерттеулер жүргізу, нәтижелерін арнайы журналдарда жариялау
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жобалар мен командаларды басқару

05Түлектің негізгі қасиеттері

  • криптография және ақпаратты қорғау саласындағы терең теориялық білім
  • Ғылыми ойлау, талдау және синтездеу қабілеті
  • Өз бетінше зерттеу және жобалық қызметте дағдыла�
  • Заманауи оқыту технологияларын меңгеру
  • Этикалық жауапкершілік, коммуникативті дағдылар, командада жұмыс істей білу және жобаларды басқару
  • Кәсіби өсуге және өмір бойы білім алуға дайын болу

06Нормативтік негіздер

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы (05.06.2020 ж. №234)
  • «Ақпараттық инфрақұрылым және АТ қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты - «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы орынбасарының 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №222 бұйрығына №4 қосымша (2 нұсқа, болжалды қайта қарау мерзімі: 2025 ж.)
  • Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарты – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығы
  • Ұлттық біліктілік жүйесі /Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның 16.03.2016 ж. хаттамасымен бекітілген
  • Ақпараттық технологиялар саласындағы салалық біліктілік шеңбері/ 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Ақпарат, ақпараттандыру, байланыс және телекоммуникациялар саласындағы Салалық комиссия отырысының № 1 хаттамасымен бекітілген

Материал кафедра ұсынған түлек моделі негізінде веб-бет ретінде өңделді. Дереккөздегі тұжырымдар редакциялық түрде реттелді.

← Барлық білім беру бағдарламалары