01Бағдарламаның ерекшеліктері
- Математикалық дайындығы жоғары деңгейдегі криптология және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы PhD бағдарламасы
- Өз бетінше ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және сараптамалық қызметті жүргізу құзыреттерін дамытады
- Қазақстан Республикасының ғылыми, білім беру және стратегиялық мекемелері үшін кадрлар даярлауда маңызды рөл атқарады
02Кәсіби қызмет салалары
- Жоғары оқу орындары мен академияла�
- Ғылыми зерттеу (жобалық) ұйымда�
- Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мекемеле�
- Телекомуникация және қаржы мекемелері
- Мемлекеттік басқару органдары
03Кәсіби қызмет бағыттары
Ғылыми-зерттеушілік
ғылыми зерттеулерге жетекшілік ету және ғылыми-зерттеушілік жұмысқа оқытушыларды, қызметкерлерді және білім алушыларды тарту;
ақпараттық қауіпсіздік және криптология саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
монографиялар, ғылыми мақалалар жазу;
халықаралық, республикалық ғылыми форумдар, конференциялар және семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
диссертациялық зерттеулерді дайындау;
гранттар бойынша ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды орындау;
ғылыми тағлымдамалар мен командировкаларды жүзеге асыру.
Педагогикалық
– бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқу курстарды, пәндерді (модульдарды) оқыту;
– бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік, жобалық, оқу-кәсіби және басқа да қызметтеріне жетекшілік ету;
– бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының бақылауындағы пәндерінің (модульдарының), оқу курстарының орындалуының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін жобалау.
Ұйымдастырушылық және басқарушылық
– мақсаттарды, міндеттерді анықтау және жұмысты жоспарлау;
– басқарудың мақсаттары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету;
– білімді, дағдыларды, икемділіктерді қарамағындағыларға үйрету;
– коммуникациялық торларды қалыптастыруды, құрылымдауды және сақтауды қамтамасыз ету; қажетті ақпараттарды жинау, түрлендіру және бағыттау.
04Түлектердің кәсіби мүмкіндіктері
- Ғылыми зерттеулер жүргізу және нәтижелерін жетекші журналдарда жариялау
- Жаңа криптографиялық әдістерді әзірлеу және енгізу
- Ғылыми және білім беру қызметінде заманауи АКТ қолдану
- Пәндерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
- Халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа қатысу
05Түлектің негізгі қасиеттері
- Заманауи криптология және соған байланысты математикалық пәндер бойынша жоғары білім
- Криптоталдау әдістерін, жүйе қауіпсіздігін бағалауды және жаңа алгоритмдерді әзірлеуді білу
- Білім беру курстарын оқыту және дамыту дағдылары
- Көшбасшылық қасиеттері және пәнаралық байланысқа қабілеттілігі
- Ғылыми және кәсіби өсуге, үздіксіз оқуға дайын болуға бағыттау
06Нормативтік негіздер
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы (05.06.2020 ж. №234)
- Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарты – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығы
- Ұлттық біліктілік жүйесі /Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның 16.03.2016 ж. хаттамасымен бекітілген
- Ақпараттық технологиялар саласындағы салалық біліктілік шеңбері/ 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Ақпарат, ақпараттандыру, байланыс және телекоммуникациялар саласындағы Салалық комиссия отырысының № 1 хаттамасымен бекітілген
Материал кафедра ұсынған түлек моделі негізінде веб-бет ретінде өңделді. Дереккөздегі тұжырымдар редакциялық түрде реттелді.
← Барлық білім беру бағдарламалары