Бакалавриат
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бакалавры
Криптографияның заманауи әдістерін меңгерген, ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейтін және талдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоғары білікті маман.
Берілетін дәреже
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бакалавры
Кәсіби қызмет объектілері
- Қорғалған компьютерлік жүйелер және ақпаратты өңдеу, сақтау, беру құралдары
- Компьютерлік ақпарат қауіпсіздігін басқару жүйелері
- Ақпаратты қорғау процестерінің математикалық модельдері
- Ақпаратты қорғау құралдары мен жүйелеріне арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
Мүмкін лауазымдар
- Математик-криптограф
- Криптоалгоритм әзірлеуші
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуші
- Компьютерлік желілер әкімшісі
- Компьютерлік қауіпсіздік маманы
Кәсіби функциялар
- Ақпаратты қорғау жүйелерін әзірлеу және енгізу
- Криптографиялық алгоритмдер мен хаттамаларды пайдалану
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін бағалау және осалдықтарды анықтау
- Қауіпсіздік құралдарына техникалық қолдау көрсету
- Ғылыми зерттеулер жүргізу және есептер дайындау
- Командалық жұмыс және жобаларды басқару
Түлектің қасиеттері
- Терең теориялық білім және жүйелі ойлау
- Зерттеу және бағдарламалау дағдылары
- Сенімділік, жауапкершілік және кәсіби этика
- Жаңа технологияларға бейімделу
- Қарым-қатынас және командада жұмыс істеу